04
июнь
2020
Соңғы қоңырау
Бүгінгі аттестат тапсыру салтанаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күнімен қатар келіп отыр. Көгілдір түсті Туымыз бен ортасында шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн орныққан Елтаңбамыз, әуелете шырқайтын Әнұранымыз – елдің мызғымас негізі, егемендігіміздің символы, тәуелсіздік тұмары. Халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілеріміз ұлы дала елімен мәңгі жасасын!
Бүгін мектебімізде 2020 жылдың жас түлектеріне аттестат тапсыру салтанаты өтті. Іс шара барысында мектеп директоры Ақбердиев Ғалымжан жас түлектерге ақ жол тілеп, алда күтіп тұрған ҰБТ-да жоғары нәтижеге қол жеткізулеріне тілек білдірді.
№3 орта мектебінде 2019-2020 оқу жылында 15 оқушы мектептен түлеп ұшты. Орынбасар Зайфан мен Төрекелдиева Әминаға «Алтын белгі» үлгідегі аттестат Мырзабаева Балжанға «Үздік» үлгідегі аттестат берілді.
Биылғы оқу жылы сын мен сынаққа толы болғанымен, бұл қиындықты да еңсердік.
Сәт сапар Сіздерге, жас түлек!!!
Арманыңда, жаныңда жалын ән бар,
Жас талапкер, сөзіме көңіл аудар.
Бұрығыдай күтпейді мектеп сені,
Бұрынғыдай соғылмас қоңыраулар.
Мектеп қайта есігін ашпас енді
Өмір - ұстаз, ақылды, ақ шашы өңді.
Басқаша енді үйретер бар сабағын,
Қоңыраулар соғылар басқаша енді.