22
май
2025
"Зейнеткерлікке шығу " салтанатты кеші.
№3 орта мектебінде ұзақ жылдар бойы директордың бағдарлы оқу ісі жөніндегі орынбасары және география пәнінің білікті мұғалімі қызметін атқарған Юнусов Маратжан ағайдың зейнеткерлікке шығуына орай салтанатты кеш өтті.
Ұлағатты ұстаздық жолында талай шәкірт тәрбиелеп, сапалы білім мен тәрбие беруге үлкен үлес қосқан Маратжан ағайдың еңбегі - біз үшін мақтаныш.
Ұстаздық жолда көрсеткен ерен еңбегі мен білім саласына қосқан үлесі үшін Маратжан ағай арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Бұл марапат - жылдар бойғы табандылықтың, жауапкершілік пен кәсібиліктің жарқын көрінісі. Кеш барасында ағайдың айтыс жолына баулыған шәкірттері де өнерлерін көрсетіп, ұстаздарына деген алғыстарын жүрек жарды жырмен жеткізді. Жылы естеліктер мен ыстық лебіздерге толы бұл кеш көрермендерге ерекше әсер сыйлады.