06
декабрь
2021
"Әдеп және ғұрып " жобасы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы құрметіне Кеңес ауылы N3 орта мектебінде "Мектеп доноры" жобасы арқылы ұжымның демеушілігі есебінен Республикалық "Әдеп және ғұрып " жобасын іске асыру мақсатында мектеп мұражайы салтанатты түрде ашылды. Мұражайды Байзақ ауданы ақсақалдар алқасының төрағасы Серік Ермеков пен Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Дәуір Рысбайұлы ашты. Сондай- ақ ауыл әкімшілігінің ұйымдастыруымен республикаға танымал ақындар мен мектептің педагог ұйымдастырушысы Маратжан Юнусовтың жетекшілігімен өнерге баулыған ауылымыздан шыққан ақын түлектер арасында айтыс болды.
1-орын Нұржан Манатбек Талас ауданы
2-орын Нұрлыбек Құрманов Жамбыл ауданы
3-орын Аббас Дидар Тараз қаласы
Әбдіманат Дархан
Дөңбай Рай
Бейсен Ернұр айтыстағы өнерлері үшін дипломмен марапатталды. Айтысты танымал ақын Әсет Дуйсебаев жүргізді.
Келген қонақтар ризашылығын білдіріп, тілектерін айтты.






