08
декабрь
2021
ЖАС МАМАНДАР АПТАЛЫҒЫ ӨТТІ
ЖАС МАМАНДАР АПТАЛЫҒЫ ӨТТІ
Түркістан облысы, Шардара ауданы "Достық " жалпы орта мектебінде мектепішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес 29.11-03.12.21 ж күндері аралығында "Жас мамандар" апталығы өтті. "Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман " деген ұранды басшылыққа алған мектебіміздің жас мамандары бірлесе жұмыс жасап, мектепті тақырыпқа сай безендіріп қойды.
29.11.21 ж күні апталықтың ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанаты барысында оқушыларға апталықтағы жоспарланған іс-шаралар мен апталықтың мақсаты таныстырылды.
30.11.21 ж күнінен бастап жас мамандарымыз ашық сабақтарын өз деңгейлерінде өткізіп, сабақтарында тиімді әдіс-тәсілдер қолдану арқылы көздеген мақсаттарына жете білді.
Оқушылардың білімі мен спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында 30.11.21 ж күні 5,6,7-сынып оқушылары арасында "Топжарған" эстафеталық сайысы ұйымдастырылды. Сайыс барысында оқушылар мәреге жылдам жетуді ғана емес, берілген тапсырмаларды барынша дұрыс орындауды мақсат етіп қойды. Сайыс жеңімпаздары марапатталды.
2.12.21 ж күні 8,9,10,11 сыныптар арасында оқушылардың білімдері мен ептіліктерін арттыру мақсатында "Жас жалын" спорттық-танымдық жарысы өткізілді. Жарысқа оқушылар белсене қатысып, берілген тапсырмаларды жылдам әрі қатесіз орындауға барларын салды. Жарыс өте тартысты өтті. Жеңіс биігінен көрінген топтарға мақтау қағаздары берілді.
3.12.21 ж күні 8-9-10 сыныптар аралығында "Тәуелсіз ел ертеңі-білімді ұрпақ " деген ұранмен "Тәуелсіздік -теңдесі жоқ байлығым " атты интеллектуалдық сайысы ұйымдастырылды.
Сайысты салтанатты түрде Жұмажанов Ералы ағай бастаған мектебіміздің домбыра үйірмесінің оқушылары Құрманғазының "Алатау" күйімен ашып берді.
Ары қарай оқушылар сайыс ережелерімен танысып сайысты бастап кетті. Сайыс 4 турдан тұрды, әр тур арасында сайыстың көркін арттыру және оқушылар мен көрермендердің рухын көтеру мақсатында оқушылар патриоттық тақырыптағы өлеңдер айтып, поэзия оқыды, би де биледі. Сайыстың 3-ші туры "Көрерменнен көрімдік"деп аталып мектеп директоры Байров Марат ағай бастаған мектебіміздің мұғалімдері оқушыларға видеосұрақтар қойып, сайысты одан әрі қызықты ете түсті. Сайысқа әділ қазылық еткен жаратылыстану пәні мұғалімі Шакиева Айжан , ДТІЖО Ташеев Талғат, ДҒІЖО Балгинбаев Ербол сайыс соңында жеңімпаздарды анықтап, сайыстың жоғарғы деңгейде ұйымдастырылғанын және өте қызықты өткенін атап өтті.
Апталықтың жабылу салтанаты кезінде белсенді қатысқан оқушыларға алғыстар айтылып, мақтау қағаздары табысталды.
Жас мамандарымыз барлық іс-шараларды бірлесе орындап, өздерінің сабақ өту шеберліктері мен бірге ұйымдастырушылық қабілеттерінің жоғары деңгейде екенін көрсете білді.
Ә/Б жетекшісі Ибадуллаева Қамажай








