26
январь
2018
«Ұстаз бақыты - ұрпағында»
Қазан айының 5-і күні Кеңес орта мектебінде ұстаздар мерекесіне орай 10-сынып оқушылары арасында ұстаздарға арналған «Ұстаз бақыты - ұрпағында» атты мерекелік концерт өткізілді. Концертке мектептің зейнетке шыққан ұстаздары және мектеп мұғалімдері шақырылды. Концертте оқушылар ұстаздарға арнап өлең-жыр шумақтарын оқыды. Ұстаз туралы ән айтылып, би билеп, сахналық қойылым көрсетіп өз өнерлерін тарту етті. Мереке соңында оқушылар ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтап, гүл шоқтарын табыс етті.