Іс-шаралар » Страница 3 » сш.Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданы білім бөлімінің
"№3 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72637) 5-25-62
Директордың ақпараттық ісі жөніндегі орынбасары:
+7(776) 636-87-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 3
" Күз - береке, байлықтың бастауы"
19
ноябрь
2024
" Күз - береке, байлықтың бастауы"
№3 орта мектебінде қараша айында "Күз - береке, байлықтың бастауы" атты 7-10 сынып оқушылары  арасында күзгі жәрмеңке өтті. Шараның мақсаты:"Арпа бидай ас екен, асыл күміс тас екен"- демекші, күз уақыты молшылыққа толы болғандықтан күздің берекелі, мерекелі кезін насихаттау. 
"Арайлы алтын күз"
15
ноябрь
2024
"Арайлы алтын күз"
№3 орта мектебінде 8-10 сыныптар арасында "Арайлы алтын күз" атты байқау өткізілді.  Байқауға аталған сыныптардан бір жұптан қатысты. Байқай нәтижесінде  10"А" сыныбынан Дарын мен Жансая "Күз ханзадасы мен ханшайым" атағына ие болды.  Мақсаты: мектебімізде өткізіліп жатқан "Алтын күз" мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенін оқушы санасына жеткізу. Өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу. 
"Отаным - баға жетпес байлығым"
24
октябрь
2024
"Отаным - баға жетпес байлығым"
№3 орта мектебінде 25 қазан - Республика күні мерекесіне орай "Отаным - баға жетпес байлығым" атты мерекелік концерт өткізілді. Іс - шара барысында "Жас Ұлан" ұйымына оқушыларды қабылдау рәсімі өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды өз Отанын сүйюге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу. 
"Оқушыларды қуанту күні"
24
октябрь
2024
"Оқушыларды қуанту күні"
24 қазан күні мектеп ұжымының ұйымдастыруымен құндылықтарға негізделген білім беру бағдарламасына сәйкес мектеп дәстүрі бойынша "Оқушыларды қуанту күні" аталып өтілді. Қуанту күнінде оқушылар салтанатты қарсы алынып, көңілді қоңырауда түрлі ойындар ойнатылды. Іс-шарада балаларға тәттілер таратылды. Қуанту күнінде балалары қуанған ата-аналар қауымдастығы мектеп қызметіне алғыс айтып, ризашылық танытты. 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалды.
23
октябрь
2024
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалды.
№3 орта мектебінде 23 қазан күні сағат 11.00 - де Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалды. 
Мектеп Президентін сайлау.
23
октябрь
2024
Мектеп Президентін сайлау.
 Мектеп оқушыларының өзін -өзі басқару ұйымының жұмыс жоспары бойынша мектеп Президентінің сайлауы өтті. Мектептен төрт оқушы үміткер ретінде өз бағдарламасын ұсына сайлауға түсті. Сайлауда 10 "Ә" сынып оқушысы Тұрсынбай Бауыржан мектеп Президенті болып сайланды. Сайлауға оқушылар мен мұғалімдер қатысты. 
1 қазан - "Қарттар күні"
01
октябрь
2024
1 қазан - "Қарттар күні"
1 қазан -"Қарттар күніне" орай ауыл әкімшілігімен бірлескен мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекеде ән шырқалып, ақ тілектер айтылып, қарттарға құрмет көрсетілді. Мереке соңында "Жас Ұлан" ұйымының оқушылары ауылдағы қарт Зиятбекова Қанымкүл әжейді құттықтап қайтты. 
"  Алтын сақа " олимпиадасы
01
октябрь
2024
" Алтын сақа " олимпиадасы
01.10.2024жыл 5-6 сыныптар арасында  "Алтын сақа" олимпиадасының мектепшілік кезеңі өтті. "Алтын сақа" олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу ережесі талаптары қатаң сақталды. Олимпиада қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған 6 оқушы аудандық кезеңге өтті. Оқушыларымызға аудандық кезеңде сәттілік тілейміз. 
"Жол ережесін түсіндіру"
24
сентябрь
2024
"Жол ережесін түсіндіру"
№3 орта мектебінде қыркүйек айында "Жол ережесін сақтау" мақсатында "Абайлаңыз, балар!" атты акциясының жоспарына сәйкес мектебіміздің жас жол инспекторлары бастауыш сынып оқушыларына "Жол ережесін түсіндіру" жұмыстарын жүргізді. 
"Жолда жүру ережесі"
24
сентябрь
2024
"Жолда жүру ережесі"
№3 орта мектебінде қыркүйек айында "Жол ережесін сақтау" мақсатында "Абайлаңыз балалар!" атты акциясының жоспарына сәйкес мектебіміздің "Жас жол инспекторлары" мектептің алдында көлік жүретін жолда мектеп оқушыларына және көлік жүргізушілеріне "Жолда жүру ережесі" жадынамаларын таратты.