"Shakespeare readings" Шекспир оқуларының ағылшын тілінде аудандық үздік оқырман байқауына 9 сынып оқушысы Алтынбек Анель қатысып соннет оқудан 3 орын, презентация қорғау бойынша 2 орын алды. Жетекшісі: Жұмаділлаева Мереке.
Байзақ ауданының білім бөлімінің жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінен 8 сынып оқушысы Төрекелді Абай I орын алып, облыстық А. Миразова атындағы 8-9 сынып оқушыларына арналған республикалық математикалық олимпиадасына қатысып, III орынды иеленді (жетекшісі: Итбаева А.А)
Аудандық "Speak English" тақырыбында 7-8 сыныптар аралығында өткізілген тілдік байқауының жеңімпазы №3 орта мектебінің 7 сынып оқушысы Мейрамбек Саяжан II- дәрежелі дипломмен марапатталады.
1- наурыз Алғыс айту күніне арналған 14-29 жас аралығында эстафеталық жарыстан Байзақ ауданы бойынша үздік ойын көрсетіп №3 орта мектебінің оқушылары ауылмыздың намысын қорғап 1- орын алды.
"Әулиеата - кітап оқитын өңір" жобасы аясында "Оқуға құштар жүректер" облыстық байқауының аудандық кезеңінің жеңімпазы Ордақұл Айзере жүлделі III- орынды иеленіп марапатталады.
Жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында Жамбыл Жабаевқа арналған "Жыр алыбы-Жамбыл" атты республикалық жас ақындар айтысының облыстық кезеңінде III- орын иеленген №3 орта мектебінің 6 сынып оқушысы Ибрагим Дильназ марапатталады. Жетекшісі : Юнусов М.
Аудандық "Жыр алыбы - Жамбылым" ақындар айтысына белсене қатысып, алғырлық танытқаны үшін Ибрагим Дильназ I- орынды иеленді. Жетекшісі: Юнусов Маратжан.
Математика пәнінен "Дарынды жас математик" -2025 атты облыстық олимпиадаға қатысып Алтынбек Анель III - орын алды. Жетекшісі: Айдарбекова Гаухар Бекетқызы.