21
февраль
2022
"Жігіт сұлтаны - 2022" байқауы
N3 орта мектебінде ата салтын насихаттау мен нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру және әр баланың бойындағы қабілеттерін дамыту, өнерлерін көрсету мақсатында 8-10 сыныптар арасында "Жігіт сұлтаны - 2022" байқауы өткізілді. Байқау нәтижесінде 9 сынып оқушысы Белгібай Ерден бас жүлдені жеңіп, "Жігіт сұлтаны" атағына ие болды.І - орынды Төлтай Ердос, ІІ-орынды Ахмет Санжар, ІІІ -орынды Құрманбек Бекслан иеленді.






