Мамандық фестивалі
Мамандық фестивалі
Байзак ауданы әкімдігінің білім бөлімінің оқу-әдістемелік кабинетінің жылдық жұмыс жоспары бойынша 18.03.2019 мерзімінде Кеңес ауылындағы №3 орта мектебінде «XXI-ғасыр мамандықтары» тақырыбында аудандық мамандықтар фестивалі өтті.
Байзақ аудандық әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері Э.Шолпанқұлова фестивальді ашып , бағдарламаның өтілуі мен мақсатын айтып өтті.
Кеңес ауылы №3 орта мектеп директоры Ғ.С. Ақбердиев бүгінгі өтіп отырған іс-шараның маңыздылығына тоқталып, еңбек нарығындағы сұраныска ие мамандықтар жөнінде осындай іс-шаралардың көптеп жүргізілуін айтты. Фестивальге аудандағы 9-10-11 сынып оқушылары мен ата-аналары шақырылды.
Мамандықтар фестивалінде М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз мемлекеттік Педагогикалық Университеті, ТИГУ, «Тараз –Болашақ» медициналық колледжі, «Тараз-Ғасыр» колледжі өкілдері кәсіптік бағдар жүргізді.
Мамандықтар фестивалінде Садыбаев Абілхан ТарГУ техника ғылымдарының кондидаты.
Мұхашев Темірбай филология ғылымының кондидаты. Қойгелдиева Зауреш. Әбілдаев Айдар. Маханов Тимур .
Таттибаев Сағынтай құрылыс және материалдар өндіру кафедрасының оқытушысы.
Төлеков М.Т. ТарГУ таукен техника ғылымдарының докторы.
Бижігітов Темірхан ТарМПИ математика-физика факультетінің деканы.
Мусабеков Ескермес физика және оқыту әдістері кафедра меңгерушісі. Сманов Қалдыбай математика-информатика кафедрасының аға оқытушысы. Бөлеев Қалдыбек ТИГУ педагогика ғылымдарының докторы, профессоры.
«Тараз-Ғасыр» колледжі Аширова Ш.Б. Директордың оқу және жаңа технология жөніндегі орынбасары.
Жунисов А.Б. «Кәсіптік және арнайы пәндер» кафедрасының меңгерушісі.
Азимбеков М.С. дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы.
Тастандиев М.С. қаржы пәнінің оқытушысы.
«Тараз-Болашақ» медициналық колледжі Досқұлов Ораз директордың емдеуші жөніндегі орынбасары.
Телтаев Д. Ағылшын тілінің мұғалімі кәсіп бағдар жүргізді.
Жаңа форматта ұйымдастырылған аудандық фестивальде арнаулы оқу орнының өкілдері, ата-аналар мен оқушыларға мамандықтарды қолдана отырып, машықтық сынама жасату арқылы түсіндірді. Аудандық фестивальде жиналған ата-аналар мен оқушылар мамандықтар таңдауда мол мүмкіндік бергеніне ризашылық білдірді.
Мамандық фестивалі барысында бағдарлама бойынша «Адалдық дүкені» ашылды. Сатушысы жоқ адалдық дүкенінде оқушылар өз ар сындары бойынша адалдықпен сатып алуы күтілуде. «Адалдық дүкені» жобасы-оқушылардың қаржылық білімін көтеруге және тұлғаның өзін-өзі ұстап жемқор болмауына тәрбиелеуге арналған адалдық алаңы.
Фестивальге жиналған ата-аналар мен оқу орнынан келген қонақтарға наурыз мерекесіне орай құрмет көрсетіліп, мерекелік іс-шарамен аяқталды.










