01
март
2024
"1 Наурыз - Алғыс айту күні"
№3 орта мектебінде "1Наурыз- Алғыс айту күні" мерекесіне орай жылдағы үрдіс бойынша "Мектеп зейнеткерлері күні" аталып келеді. Аталған мерекеге мектебіміздің зейнеткер ұстаздары мен қызметкерлері шақырылды. Зейнеткерлерді мұғалімдер мен оқушылар үлкен қошеметпен күтіп алып, дайындаған мерекелік концерттерін ұсынды. Іс-шара барысында зейнеткер ұстаздарға Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтің "Алғыс хаты" табысталды. 

