17
сентябрь
2024
"Ана тілім - ардағым!"
№3 орта мектебінде қазақ тілі пән бірлестігі мен кітапханашы Э.Даулеткулованың ұйымдастыруымен 5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай 5-9 сыныптар арасында "Ана тілім - ардағым!" атты іс-шара өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстауға, оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін сөйлеуге баулу. 

