26
ноябрь
2024
"Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышы "
№3 орта мектебінде "Жас ұлан" ұйымы оқушыларымен "Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: ҚР Мемлекеттік рәміздерін жан-жақты түсіндіру арқылы оқушылар бойында патриоттық сезімді қалыптастыру. ҚР Мемлекеттік рәміздеріне зор құрмет, шынайы сезім, ұлттық рух тұрғысында қарауға дағдыландыру. 

