Оқушылар жетістіктері » Страница 3 » сш.Кенес
Жамбыл облысы
Байзақ ауданы білім бөлімінің
"№3 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72637) 5-25-62
Директордың ақпараттық ісі жөніндегі орынбасары:
+7(776) 636-87-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жарқын дауыс" атты аудандық ән байқауы
18
март
2022
"Жарқын дауыс" атты аудандық ән байқауы
Қазақстан Республикасының және КСРО халық әртісі Халық Қаһарманы әнші Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай арнайы ұйымдастырылған "Жарқын дауыс" атты аудандық ән байқауында өнер көрсетіп, ерекше дарынымен көзге түскен N 3 орта мектебінің 3 "Ә" сынып оқушысы Орынбасар Сағадат бас жүлдені иеленіп, 8 " А" сынып оқушысы Қыстаубай Жібек ІІІ Дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі музыка пәнінің мұғалімі Айбар Естаев.
"Жарқын дауыс" атты облыстық  ән байқауы
18
март
2022
"Жарқын дауыс" атты облыстық ән байқауы
Қазақстан Республикасының және КСРО халық әртісі Халық Қаһарманы әнші Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай арнайы ұйымдастырылған "Жарқын дауыс" атты облыстық  ән байқауына қатысып, жоғары дәрежеде өнер көрсеткені үшін N 3 орта мектебінің 3 "Ә" сынып оқушысы Орынбасар Сағадат  ІІІ Дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі музыка пәнінің мұғалімі Айбар Естаев
"Көктем аруы - 2022" байқауы
14
март
2022
"Көктем аруы - 2022" байқауы
N 3 орта мектебінде Халықаралық әйелдер мерекесіне орай 8-10 сыныптар арасында "Көктем аруы - 2022" байқауы өткізілді. Байқау нәтижесінде 8 сынып оқушысы Қыстаубай Жібек  бас жүлдені иеленді
"Қыз әдебімен көрікті" атты сайыс
11
март
2022
"Қыз әдебімен көрікті" атты сайыс
№3 орта мектебінде 5-7 сынып оқушы қыздар  арасында "Қыз жібек" қыздар клубының жетекшісі Айдарбекова Гулжанның ұйымдастыруымен "Қыз әдебімен көрікті" атты сайыс өткізілді.
"Анашым, дархан даласың"
05
март
2022
"Анашым, дархан даласың"
N3 opта мектебінде 5-11 сынып оқушылары арасында 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне орай қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пән бірлестігінің ұйымдастыруымен "Анашым, дархан даласың" атты мәнерлеп оқу байқауы өтті. 
Шет тілдер жабылу салтанаты
03
март
2022
Шет тілдер жабылу салтанаты
Наурыз айының 1 жұлдызында Алғыс айту күнімен тұспа - тұс келген шет тілдер айлығының жабылу салтанаты өтті. Салтанатта шет тілдер бірлестігі белсене қатысып, өз өнерлерін ортаға салып, тағы бір қырынан танытты. Айлыкта белсенділік танытқан оқушыларды марапаттады.  
"Жігіт сұлтаны  - 2022" байқауы
21
февраль
2022
"Жігіт сұлтаны - 2022" байқауы
N3 орта мектебінде ата салтын насихаттау мен нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру және әр баланың бойындағы қабілеттерін дамыту, өнерлерін көрсету мақсатында  8-10 сыныптар арасында "Жігіт сұлтаны  - 2022" байқауы өткізілді. Байқау нәтижесінде 9 сынып оқушысы Белгібай Ерден бас жүлдені жеңіп, "Жігіт сұлтаны" атағына ие болды.І - орынды Төлтай Ердос, ІІ-орынды Ахмет Санжар, ІІІ -орынды Құрманбек Бекслан иеленді.
"МИФ мейрамханасы" атты қорытынды кеші
07
февраль
2022
"МИФ мейрамханасы" атты қорытынды кеші
N3 орта мектебінде  "Математика, информатика және физика пәндер бірлестігінің  "МИФ мейрамханасы" атты қорытынды кеші өтті. Айлық барысында  белсенділік танытып  қатысқан оқушылар дипломдармен марапатталды 
«Дарынды бала-ұлт болашағы»
28
декабрь
2021
«Дарынды бала-ұлт болашағы»
Жамбыл облысы  әкімдігінің білім басқармасы білім бөлімінің  Сарыкемер мектеп-гимназиясының мәжіліс залында «Дарынды бала-ұлт болашағы» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Білім бөлімінің басшысы Нұрболат Мамырбаев І-жарты жылдық қорытындысы бойынша облыстық, республикалық олимпиадалар, байқауларының жеңімпазы N 3 орта мектебінің 7 ә сынып оқушысы Сексен Санжарды алғыс хатпен марапаттады. 
"Нашақорлықсыз  балалық шақ" тақырыбында сурет байқауы
28
декабрь
2021
"Нашақорлықсыз балалық шақ" тақырыбында сурет байқауы
N 3 орта мектебінде оқушыларға нашақорлық, маскүнемдік,темекі шегудің адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыру мақсатында 4 сыныптар арасында "Нашақорлықсыз  балалық шақ" тақырыбында сурет байқауы өтті