Іс-шаралар » Страница 4 » сш.Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданы білім бөлімінің
"№3 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72637) 5-25-62
Директордың ақпараттық ісі жөніндегі орынбасары:
+7(776) 636-87-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 4
"Ана тілім - ардағым!"
17
сентябрь
2024
"Ана тілім - ардағым!"
№3 орта мектебінде қазақ тілі пән бірлестігі мен кітапханашы Э.Даулеткулованың ұйымдастыруымен 5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай 5-9 сыныптар арасында  "Ана тілім - ардағым!" атты іс-шара өткізілді.  Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстауға, оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін сөйлеуге баулу. 
9 қыркүйек "Тоғызқұмалақ күні"
09
сентябрь
2024
9 қыркүйек "Тоғызқұмалақ күні"
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдау аясында 9 қыркүйек "Тоғызқұмалақ күніне" орай Гиннес рекордын орнату іс-шарасына оқушылар қатысып өз қабілеттерін көрсетті.   
1 қыркүйек - Білім күні
01
сентябрь
2024
1 қыркүйек - Білім күні
1 ҚЫРКҮЙЕК - БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ!   Бүгін №3 орта мектебінде 1 қыркүйек -Білім күніне арналған "Мектебім-мейірім мекені" тақырыбында салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты жиын ҚР Мемлекеттік әнұранымен басталды. Жиынға құрметті қонақ болып Байзақ ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Өмірзақова Эльмира Ағаділқызы қатысты. Алғашқы сөз кезегі мектебіміздің директоры Кутумбетова Бибигул Абдрахманқызына берілді. Оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен
"1 Наурыз - Алғыс айту күні"
01
март
2024
"1 Наурыз - Алғыс айту күні"
№3 орта мектебінде "1Наурыз- Алғыс айту күні" мерекесіне орай жылдағы үрдіс бойынша "Мектеп зейнеткерлері күні" аталып келеді. Аталған мерекеге мектебіміздің зейнеткер ұстаздары мен қызметкерлері шақырылды. Зейнеткерлерді мұғалімдер мен оқушылар үлкен қошеметпен күтіп алып, дайындаған мерекелік концерттерін ұсынды. Іс-шара барысында зейнеткер ұстаздарға Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту  министрі Ғани Бейсембаевтің "Алғыс хаты" табысталды.   
Эстафеталық ойындар
29
февраль
2024
Эстафеталық ойындар
N3 орта мектебінде 29 қаңтар күні алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі А.Бестерекбаев, тәлімгер Г.Алмешова және дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 7-8 сынып оқушылары арасында эстафеталық ойындар өткізілді. Жарысқа 4 команда қатысты. Жарыс соңында оқушылар марапатталды.  Мақсаты: Оқушыларға патриоттық тәрбие берумен қатар спортқа деген қызығушылығын арттыру. Оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Эстафеталық ойын арқылы жылдамдыққа, шапшаңдыққа үйрету.   
"Бұрымды қыз -2024" байқауы.
23
февраль
2024
"Бұрымды қыз -2024" байқауы.
№3 орта мектебінде 23 ақпан күні 8-10 сынып қыздары арасында оқушыларға ұмыт болуға айналған ұлттық төл мәдениетіміз бен өнерімізді қайта тірілтіп, салт-дәстүрді жаңғырту, әсіресе қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру арқылы әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу. Ақылды да ажарлы, дарынды да талантты, бұрымды қыздарды елге таныстыру мақсатында "Бұрымды қыз-2024" байқауы өткізілді. Байқау нәтижесінде 10"А" сынып оқушысы Марысбек Перизат "Бұрымды қыз-2024",
"Бұрымды қыз - 2024"
23
февраль
2024
"Бұрымды қыз - 2024"
№3 орта мектебінде 23 ақпан күні 8-10 сынып қыздары арасында оқушыларға ұмыт болуға айналған ұлттық төл мәдениетіміз бен өнерімізді қайта тірілтіп, салт-дәстүрді жаңғырту, әсіресе қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру арқылы әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу. Ақылды да ажарлы, дарынды да талантты, бұрымды қыздарды елге таныстыру мақсатында "Бұрымды қыз-2024" байқауы өткізілді. Байқау нәтижесінде 10"А" сынып оқушысы Марспек Перизат "Бұрымды қыз-2024",
Сейсмикалық жаттығу.
23
февраль
2024
Сейсмикалық жаттығу.
2024 жылдың 23 ақпан, сағат 11:00 де №3 орта мектебінде сейсмикалық жаттығу өткізілді. Мектеп бойынша "Тыңдаңыздар бәріне !" деген дабыл қоңырауы соғылды. Оқушыларға, мектеп мұғалімдеріне, кіші қызметкерлерге алдын ала ескертіліп түгел далаға шықты. Белгілі орынға жиналған оқушылар мен қызметкерлерге азаматтық қорғаныс штаб басшысы Бестерекбаев Адил бұл жаттығудың мақсаты туралы түсіндірме жұмысын жүргізді. 
Мектеп
26
октябрь
2023
Мектеп
26 қазан күні " Мектеп" атты профилактикалық іс шара аясында Байзақ АПБ полиция подполковнигі Уразбеков Ғалымжан мен мектеп инспекторы Азат Танабаев және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алтай Жазылбеков " Жеке қауіпсіздік және буллингке қарсы тұру мәдениеті" тақырыбында оқушылармен кездесу өткізді. Кездесуде оқушыларға заңға бағынушылық пен күзгі демалыстағы қауіпсіздік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
"Жас Ұлан" ұйымы.
25
октябрь
2023
"Жас Ұлан" ұйымы.
N3 орта мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау шарасы өткізілді. Іс- шара барысында  патриоттық әндер мен Отан туралы мәнерлеп оқулар айтылды.